Қазақстандықтар білімге қанша ақша жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне біраз ақша құйды. Депозитін білімге жұмсағандар да аз емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимовтың айтуынша, бүгінде Қазақстан халқының білімге жинап жатқан ақшасы 18 млрд теңгеге жетті.

«Негізі, ондай жүйе көрші ТМД елдерінде де, шетелде де жоқ. Қазіргі кезде қазақстандықтар мемлекеттік жинақ жүйесін жиі қолдана бастады. Олар ақшаны білімге жұмсап жатыр. Жинақ жүйесіне сәйкес, депозиті бар адам екінші деңгейлі банктерден оқуға несие алады. Кепілдік берудің қажеті жоқ. Себебі Қаржы орталығы несиенің қайтарылуына өзі кепіл болады. Оқудан кейін алты ай беріледі. Осы уақыттың ішінде білім алған адам жұмысқа тұруы қажет. Содан кейін несиені қайтаруды бастайды», - деді А.Ибраимов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, мемлекеттік білім беру депозитін аталған бағдарламаға қатысатын кез келген банктен ашуға болады. Ондай салымдарға банктің 14 проценттік сыйақысы төленеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік сыйақы тағы бар. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың мемлекеттік сыйақысы 7 процентті құрайды. Басқа азаматтарға 5 процент төленеді.

Соңғы жаңалықтар