Қазақстандықтар банктерге қанша қарыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 3,7 трлн теңге қарыз. Бұл жайында бүгін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы бастығының орынбасары Иман Әл-Кейси мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалармен жасалған 5 383000 банктік займ келісімшарттар болды. Олар бойынша қалдық борыш 3,7 трлн теңгеден асып жығылады. Оның ішінде 1,5 трлн теңгеден астам сомаға шамамен 338 мың келісімшартқа жылжымайтын мүлік түрінде кепіл қойылған», - деді ол.

Оның дерегінше, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен 464521 банктік займ келісімшарты бар. Олардың қалдық борышы 442,7 млрд теңгені құрайды.  Ал оның ішінде сомасы 224,5 млрд теңгені құрайтын 3319 банктік займ келісімшартына жылжымайтын мүлік кепілде тұр.

«Бұл ұлттық банктегі алдын ала мәліметтер», - деп нақтылады Иман Әл-Кейси.

Соңғы жаңалықтар