Қазақстандықтар айдың ерекше құбылысын тамашалай алады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін ерекше астрономиялық құбылыс байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ай тұтылу кезінде перигей нүктесіне жақын болады. Айдың көрінетін диаметрі шамамен 8%-ға артады, ал жер серігі қызғылт түске боялады, деп жазады Мәскеу планетарий сайты.

31 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:48-ден 21:11-ге дейін Айдың тұтастай тұтылуы Ресейде байқалады. Сондай-ақ, бұл құбылыс Шығыс Еуропада, Шығыс Африкада, Азияда, Аустралияда, Тынық мұхиты мен Солтүстік Америкада көрінеді. Ай орбитадағы қозғалысы кезінде Жердің оңтүстік бөлігіндегі көлеңкесіне тұспа-тұс келеді. Жердің көлеңкесі Айдың көрінетін бетін толығымен торлап, оны қызғылт түске бояйды.

Айдың ерекше құбылысын Қазақстанда да байқауға болады, деді біздің агенттікке қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель.

«Айдың ерекше құбылысын жергілікті уақытпен сағат 20.08-ден бастап тамашалауға болады. Ол бір сағатқа, яғни 21.11-ге дейін жалғасады», - деді астрофизик.  




Айдың келесі тұтылуы 2018 жылдың 27 шілдесінде болады. Табиғаттың бұл құбылысы да Ресей мен ТМД-да жақсы көрінеді. 

Соңғы жаңалықтар