Қазақстандықтар Алматыдағы бокс кешін тікелей эфирден көре алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортсүйер қауым 24 қыркүйек күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы доданы ұйымдастырушы Руслан Абдусаламов баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады massaget.kz.

- Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында өтетін бокс кеші Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Жекпе-жектердің қызығынан кеш қалмау үшін ертерек келгендеріңіз абзал. Барлық кездесулерді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады, - деді Руслан Абдусаламов.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесіне арналып өткізіледі. Бокс кешінің басты жекпе-жегі бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев пен неміс Майк Курцвейл арасында өтеді. Олар бірінші ауыр салмақта «GBC» ұйымы дайындаған арнайы чемпиондық белбеуге таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар