Қазақстандық жұлдыздар «Star of Asia» фестиваліне шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жұлдыздар Кәмшат Жолдыбаева мен Ерке Есмахан «Star of Asia» фестиваліне видеошақырту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншілер музыкалық шараға қызу дайындық жүріп жатқанын, көрермендер үшін өте қызық бағдарлама дайындалып жатқанын айтты.

Айтулы музыкалық шара «Азия дауысының» жалғасы «Star of Asia» 19-20 тамызда Алматыда өтеді.

Қазір ең танымал әншілерінің басын қосатын фестиваліне дайындық қызу жүруде.

Музыкалық шараға сахна құруға Германия, Ресей және Украинадан мамандар келмек. Сонымен қатар, «Star of Asia» фестивалінде жарық шұғылалары мен тамаша «fіre» шоу ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Алматының Қала күні қарсаңында мегаполисте оқиғалы туризмді дамыту мақсатында өткелі отыр.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы он жыл ішінде оқиғалы туризм жедел дамып келеді. «Star of Asia» шарасы туристер легін арттыруға ықпал етеді. Қала басшылығы «Star of Asia» Алматыдағы туристік саланы өрістетудің негізгі элементтерінің бірі деп есептейді.

Форматы жағынан мүлдем өзгеше «Star of Asia» континентальды фестивалі «Азия даусының» жалғасы іспетті.

Әкімдік фестивальді Аматыға келетін жұлдыздар саны және сапасына қарай «Сан Ремо», «Славянский базар», «Новая волна» сияқты құрлықтық байқауға айналуы мүмкін екенін айттады.

«Фестивальге хип-хоптан RnB-ға дейін, сондай-ақ инди-поп, электр және рок, яғни түрлі бағыттардағы әндердің заманауи үздік орындаушылары келеді. Әлемге танымал шетелдік диджейлер хэдлайнерлерге айналады. Концерттен өзге фестиваль барысында флешмобтар мен түрлі стильдегі би баттлдары да көрсетіледі», - дейді фестивальді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, бұғандейін хабарланғандай фестивальға Оңтүстік Кореяның «U-Kiss» тобы және «Asia Song Festival», «Chineese TOP Awards», «Best Male Music Video», «Korean Culture Entertainment Awards», «Korean Video», «Daejun Awards» музыкалық сыйлықтарының лауреаты келеді.

Музыкалық шараға келушілерді тасымалдау үшін қалалық әкімдік арнайы автобус бөлмек. Көрермендер Абай даңғылындағы орталық стадионда, Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жиналады. Жолаушылар көлігі фестиваль өтетін жерге сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін қатынайды. «Медеуден» кері қайтатын рейстер 22:00-ден 23:30-ға дейін жүреді. Жолақысы- 150 теңге. Фестиваль өтетін күндері жеке көліктер үшін тұрақтар саны артады. Биік тау шатқалындағы ауа райы қаладағыдан едәуір салқын, сондықтан ұйымдастырушылар фестиваль күндері жауын жауып, жел тұруы мүмкін екенін ескертеді, әрі мәдени шара қонақтарына арнап жауынға киетін плащ әзірлеп қойды.

Соңғы жаңалықтар