Қазақстандық жеңіл атлеттер жаттығу үшін Түркияға аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы 10-26 наурыз аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының мәліметінше, алғашында Түркияға 11 спортшы және 4 жаттықтырушы барады деп жоспарлаған. Бірақ кейіннен тізім кеңейіп, 16 спортшы және 5 жаттықтырушыға көбейді.

Атлеттер Белектегі «Глория спорт арена» оқу-жаттығу базасында дайындалады.

Сонымен тізімге қосылған атлеттер:

1.      Вячеслав Земс (110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

2.      Виталий Земс (100 және 200 метрге жүгіру);

3.      Владислав Григорьев (100 және 200 метрге жүгіру);

4.      Давид Ефремов (100 және 200 метрге жүгіру);

5.      Никита Филиппов (сырықпен секіру)

6.      Дмитрий Коблов (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

7.      Иван Иванов (ядро серпу);

8.      Артур Гафнер (найза лақтыру);

9.      Анастасия Виноградова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

10.    Мария Телушкина (диск лақтыру);

11.    Диана Нүсіпбекова (балға лақтыру);

12.    Виктория Зябкина (100 және 200 метрге жүгіру);

13.    Әйгерім Шыназбекова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

14.    Элина Михина (400 метрге жүгіру);

15.    Светлана Голендова (400 метрге жүгіру);

16.    Любовь Ушакова (200, 400 метрге жүгіру).

Қазақстандық жеңіл атлеттермен бірге бапкерлерден Николай Барсанов, Виктор Евсюков, Константин Редько, Олег Виноградов, Любов Никитенко аттанды.

Соңғы жаңалықтар