Қазақстандық жанкүйерлер Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN Boxeo Твиттердегі парақшасына мексикалық атақты кәсіпқой боксшы Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне келген қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жанкүйерлерінің суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.


«Олардың саны (қазақстандық жанкүйерлердің) аз болса да, мұнда кезіктіруге болады», - деп жазылған бір суреттің астына.

 «Олар қиқу салып, шуламайды екен, алайда өз отандастарын қолдау үшін келген», - делінген видеоға.

Головкин-Альварес кездесуі 16 қыркүйек күні өтеді (Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңда).

1XBET букмекерлік кеңсесі Головкиннің жеңісіне - 1.67, Альварестің жеңісіне - 2.47, тең өтеді деген нұсқаға 26 коеффициент беріп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар