Қазақстандық волейболшылар Азия Кубогінің бастапқы матчында Қытайдан жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Таиландта өтіп жатқан Азия Кубогінің бірінші ойынында Қытай командасынан ұтылып қалды.

Sports.kz-тің жазуынша, бірінші және екінші сетте қазақстандық волейболшылар соңына дейін күресті, алайда 25:23 ұпаймен қарсыласына есе жіберді. Үшінші кезеңде қытайлық спортшылар алға шығып, басымдықты ойын соңына дейін сақтап қалды. Есеп - 25:20. Ойын қорытындысы 3:0 есебімен Қытай пайдасына шешілді.

«А» тобындағы өзге ойында қытайлық Тайпей бес сетте Таиландты жеңді. 23 қыркүйекте Қазақстан құрамасы қытайлық Тайпеймен, ал Қытай Таиландпен бәсекелеседі.  «В» тобында Иран Австралияны, ал Оңтүстік Корея Жапонияны жеңді.

Соңғы жаңалықтар