Қазақстандық велошабандоз Әлем кубогының қола жүлдегері болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велошабандоз Әлішер Жұмақан Минскіде өтіп жатқан велотректен Әлем кубогының V кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлішер Жұмақан жекелей сайыстың (4 шақырым) қорытындысы бойынша үздік үшінші орынды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Беларусь елінде өтіп жатқан жарысқа 37 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Соңғы жаңалықтар