Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Вуэльтаның» 5-кезеңінде топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Вуэльта» көпкүндігінің бесінші кезеңінде жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Испанияның Беникассим қаласында бастау алған бесінші кезең 175 шақырымға созылды. Бұл бәсекеде елордалық клубтың велошабандозы Алексей Луценко үздік атанды. Бұл отандасымыздың гранд-турдағы алғашқы үлкен жеңісі болды.

Жалпы есепте «Тур де Франстың» жеңімпазы британиялық Кристофер Фрум көш бастап келеді. «Астананың» капитаны Фабио Ару әзірге жетінші орында. 

«Вуэльта Испании-2017» Бесінші кезең

Беникассим - Алькосебре, 175.7 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») 4:24:58

2. Мерхави Кудус (Эритрея, Dimension Data) +0:42

3. Марк Солер (Испания, Movistar) +0:56

Айта кетейік, Алексей Луценконың жеңісі арқасында «Астана» жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар