Қазақстандық үш самбошы әлем чемпионатының жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Сочи қаласында ерлер мен әйелдер арасында самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар да жүлдеге ілікті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әлем чемпионаты мен әлем кубогы жарыстарында талай рет топ жарған Бейімбет Қанжанов 52 кг салмақта бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты. Сол секілді Әлібек Зекенов 90 кг салмақта және әскери самбодан Райхан Мәди 100 кг салмақта үшінші орынға көтерілді.

Дүние жүзінің 86 елінен таңдаулы самбошылар қатысып жатқан айтулы доданың бірінші күні Ресей құрамасы алты бірдей алтын медальді жеңіп алды. Соның ішінде Мария Молчанова 48 кг салмақта үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бүгін 52, 64, 80 кг (әйелдер), 57, 74, 100 кг (ерлер), 62, 82, +100 кг (әскери самбо) салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады. 

Соңғы жаңалықтар