Қазақстандық үш кәсіби боксшы Extra Round 4 кешінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Extra Round 4 кәсіби бокс кешінде қазақстандық үш боксшы жеңіске жетті. Бұл туралы sports.kz «Қазақстан кәсіби боксының» ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобына сілтеме жасап хабарлады.

Әбілхайыр Шегалиев (1-0) аталмыш шоу аясында кәсіби рингтегі өзінің екінші айқасын өткізді. 69,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін алматылық спортшы омскілік қарсыласы Иван Ерховты төртінші раундта нокаутқа жіберді.

Сондай-ақ осы кеште 25 жастағы Дәулет Дәукенов кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Елордалық спортшы алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік Михаил Лесниковты жеңді.

Профи-рингте алғаш рет бағын сынап көрген Рустам Сваев та жанкүйерлерін қапы қалдырмады. Орта салмақта айқасқан қызылордалық боксшы төрт раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік Василий Поднебесныйды  ұтты.

 

Соңғы жаңалықтар