Қазақстандық үш балуан қазақ күресінен әлем чемпионы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен Әлем чемпионатының бірінші күні қазақстандық үш балуан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толығырақ атап өтсек, 55 келіде өнер көрсеткен Марат Нығматуллаев финалда армениялық Багалян Погосты тізе бүктіріп, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. 82 келі салмақ дәрежесінде грециялық Нтанатсидис Алексионоспен шешуші сында белдескен екінші балуанымыз қарсыласынан айласын асырып, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Ал үшінші алтынды 90 келі салмақта ел намысын қорғаған Әділжан Ыстыбаев еншіледі. Ол финалда Тәжікстаннан келген Хрушед Шариповты қапы қалдырды.

Қазақстандық балуандар бүгін сондай-ақ тағы бір медальға қол жеткізді - аса ауыр салмақтағы Руслан Әбдіразақов «қола» еншіледі.

Айта кетейік, әлем чемпионатының екінші күнінде татамиге 4 балуанымыз шығатын болады. 

Жарысқа 40 мемлекеттен келген 166 спортшы қатысып жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салуда.

Жарыс жеңімпаздары - 2 мың, екінші орын иегерлері - 1 мың, ал үшінші орын алғандар 500 АҚШ долларына ие болады.

Соңғы жаңалықтар