Қазақстандық топ халықаралық байқауда үздік атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Во весь голос» халықаралық байқауында қазақстандық квартет топ жарды, деп хабарлайды Лада .

Ақтау қаласының «Жұлдыздар» квартеті «Мир» телеарнасы ұйымдастырған «Во весь голос» жобасында «Вокальды топ» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, аталған халықаралық байқауның кезеңдерінде қазақстандық квартеттің орындауындағы «Құсни Қорлан» әні көпшіліктің тәнті еткендігі туралы хабарлаған болатынбыз. 

Байқауға Әзербайжан, Молдова, Грузия, Армения, Тәжікстан, Ресей, Беларусия және Қазақстаннан келген командалар қатысты.

Соңғы жаңалықтар