Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 83-інші орында тұрған Юлия Путинцева әлемнің 34-інші ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездесті. Екі сағаттай уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші 0:6, 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ширек финалына шығу үшін Ю.Путинцева әлемнің 122-інші ракеткасы, франциялық Полин Пармантьемен шеберлік байқасады.

Сол секілді ерлер арасында Александр Бублик Будапешт турнирінің (жүлде қоры - 618510 АҚШ доллары) екінші айналымына шықты. Дүниежүзілік рейтингте 143-інші орында тұрған А.Бублик әлемнің 87-інші ракеткасы, өзбекстандық тәжірибелі теннисші Денис Истоминді тізе бүктірді. 2 сағат  41 минутқа созылған аса тартысты кездесуде Александр 6:7 (6:8), 7:6 (7:5), 7:5 есебімен бсым түсті.

Ширек финалға жолдама алу үшін А.Бублик Германия елінің өкілі, әлемнің 61-інші ракеткасы Ян-Леннард Штруффпен таласады.

Еске сала кетейік, Штутгартта негізгі турнирге өткен Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Зарина Дияс дүниежүзілік рейтингте 56-ыншы сатыда тұрған германиялық Карина Виттефтпен күш сынасады. Әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп бастаған мықтылар қатысып жатқан бұл жарыстың жүлде қоры - 816 мың АҚШ доллары.

Соңғы жаңалықтар