Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» ширек финалына жолдама алды, хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жарыстың екінші айналымында отандасымыз кореялық Юн Сон Чаннан басым түсті. Есеп - 6:4, 6:2.

Енді келесі айналымда Недовесов үндістандық Рамкумар Раманатанмен күш сынасады.


Фото: zarubezhom.info

Соңғы жаңалықтар