Қазақстандық теннисші ITF жарысының жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко бейсенбі күні сербиялық Николой Касичеммен бірге Түркиядағы ITF жұптық разрядының жартылай финалына шықты. Оның жүлде қоры 15 мың долларды құрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ширек финалда екінші нөмірдегі Попко/Касич жұбы итальялық дуэт Давид Галлопини/Филиппо Леонардиді 7:5, 6:2 есебімен басып озды. Жартылай финалда Қазақстан-Сербия жұбы Дан Доусон (Ұлыбритания)/Хорди Сампер-Монтана (Испания) дуэтімен бақ сынайды.

Бұдан бұрын жұптық разрядтың бірінші айналымы матчында Попко/Касич Нерман Фатих (Босния және Герцоговина)/Антон Видак (Хорватия) дуэтін 7:6, 6:0 есебімен жеңген еді. 

Соңғы жаңалықтар