Қазақстандық теннисші бейресми әлем чемпионатының финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Достанбек Ташбулатов АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плантейшен қаласында өтіп жатқан Orange Bowl International Championships бейресми әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық жартылай финалда Польша спортшысы Даниель Михалскийден 6:3, 1:6, 6:4 есебімен басым түскен болатын. Ал финалда ол ресейлік Темофей Скатовты 7:6 (5), 6:7 (6), 7:5 есебімен ұтқан Француз теннисшісі Уго Гастонмен бас жүлде үшін сайысқа түседі.

Айта кетерлігі, осы турнир аяқталғаннан кейін Ташбулатов ITF Juniors рейтингінде әлемнің үздік 50 теннісшісінің қатарына кіреді. Ал бұл жайт оның Australian Open-2018 жасөспірімдер арасындағы негізгі сетте өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар