Қазақстандық сұлу Оңтүстік Кореяда өткен байқаудың жүлдегері атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық модель және актриса Зарина Тотаева Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында 16-26 қараша аралығында өткен «World Beauty Queen» халықаралық сән байқауының бірінші Вице-Мисі атанды.

Байқаудың қалай өткендігі туралы Зарина Тотаеваның өзі «ҚазАқпарат» тілшісіне айтып берді.

Айта кетейік, байқауға 30 елден сұлулар қатысқан. Бас жүлдені  болгариялық жеңіп алса, екінші орынды қазақстандық  (1-ші Вице Мисс, «World Beauty Queen»), үшінші орынды Тайландқа жақын Так аралының сұлуы иеленді.  Зарина Тотаева 1-ші Вице-Мисс атағымен қатар, «Бикини Топ 5-не» енген.

Бұл - Зарина қатысып отырған 5-ші сұлулық байқауы. Ол өткен аптада Нью-Йоркте өткен сән апталығына қатысқан. Онда 26 дизайнердің туындысы таныстырылды. Сондай-ақ, KFW-2016 қорытындысы бойынша «Үздік модель» атағына да ие болған.
null  

«Байқаудан мен ұмытылмас тәжірибе жинадым. 10 күн бойы біз Сеулдің атақты Гангнам ауданындағы 5 жұлдызды қонақ үйде болдық. Сол күн аралығында біз қыздармен достасып кеттік, соңында қимай қоштастық. Байқау бағдарламасы өте қызықты болды. Біздерге қаланы көрсетті, корей асханасымен таныстырды, түрлі фотосессиялар өтті. Финал бірнеше кезеңге бөлінді. Онда ұлттық киімде, суда жүзу киімінде, кешкі салтанатты киімде өзіңді көрсету қажет болды. Содан кейін, «Топ-12», «Топ-5» үздіктері іріктелді. Мұндай байқуға 5-ші рет қатысып отырсам да, ақтық сында қатты толқыдым. Елімнің намысын қорғап отырғандықтан, барлығының жақсы болғанын қаладым. 1-ші вице-мисс атағын бергеніне қуаныштымын. Финалда болгариялық қыз екеуміз ғана қалғанда толқығанымды білсеңіз. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алдық, екеуміздің біреуіміз мисс болатынымыз анықталып жатыр... Оның жеңімпаз атанғанына қуандым. Ол қыз шынымен де соған лайық», -деді Зарина.
null  

Оның айтуынша, бұл байқау оған халықаралық сахнаға шығуда және сән мансабында жоғарылауда жаңа белестерге шығармақ.

«Мен Қазақстанды сүйемін. Ары қарай да елімді халықаралық сахналарда таныта беретін боламын. Байқауды ұйымдастырған Джун Хун-Джун мырзаға және маған қолдау танытқан Эльмира Сейдазимоваға алғыс айтамын», - дейді Зарина. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар