Қазақстандық студиялар өткен жылы түсірген табысты фильмдер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Танымал кино сыншысы Гүлнар Әбікеева әлеуметтік желіде өткен жылы түсірілген фильмдердің санына қатысты қызықты статистикалық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы Қазақстанда қанша фильм түсірілді? Қазақстан Кино сыншылары қауымдастығының мәліметінше, 28 фильм түсірілген. Ал ең ірі өндіруші ретінде негізінен тарихи кинолар түсіретін - «Қазақфильм» киностудиясы қалып отыр», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында .

Сонымен, 2016 жылы түсірілген фильмдер қатарында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» (режиссері Рүстем Әбдірашев), «Жұлдыздар тоғысқанда» (Сергей Снежкин), «Анаға апарар жол» (Ақан Сатаев), «Жаралы періште» (Эмир Байғазин), «16 қыз» (Қанағат Мұстафин) бар. Отандық кинода қалыптасқан жаңа бағытта түсірілген фильмдер мыналар: «Қаратас ауылындағы оба» (режиссері Әділхан Ержанов), «#6 іс куәгері» (Серік Әбішев, «Қазақфильм»), «Сот орындаушысы» (Марат Махан, «Қазақфильм»).

Жеке студиялар түсірген табысты коммерциялық жобалар:  «Тараз» режиссері Нұртас Адамбай, «Сабина келін 2» (Нұртас Адамбай), «Аудандар» (Ақан Сатаев), «Гламур для дур» (Асқар Ұзабаев), «Қазақша бизнес» (Жеңісхан Момышев), «30 жаста тұрмысқа шығу» (Асқар Бисембин), «Супертой» (Ғалым Асылов).

Мұнан бөлек, бірлескен фильмдер де көп түсірілді. Олардың қатарында «Тоқал» (режиссерлары Гауһар Нұртас пен Евгений Чельцов, Қазақстан-АҚШ), «Бейтанысым менің» (Едгор Насыров, Бобур Юлдашев, Қазақстан-Өзбекстан), «3 лимон» (Нұрлан Мамакеев, Қазақстан-Қырғызстан) туындылары бар.  Айта кетерлігі, «Жаралы періште» де  бірлескен жоба (Германия-Франция-Қазақстан).

Жеке студиялар түсірген коммерциялық емес фильмдер: «Бірде балалар үйінде» (Серік Әбішев, Руслан Магомадов), «Әйгерім» (Еркін Рақышев). Ал коммерциялық туындылардың қатарында мына фильмдер бар: «Мезет немесе қарапайым өмір» (Ақжол Әбілов), «72 сағатта үйлену» (Еркебұлан Жолдасов), «Өлілермен селфи» (Дәулет Әуелбеков), «Бумеранг» (Сабыржан Омарбеков), «Б.А.Я.» (Сабыр Омар), «04:29» (Мереке Мұқан), «Тағдыр тәлкегі» (Нұрғиса Ағыбаев), «Ауылға келгендер» (Бекзат Әлімбаев). 

Соңғы жаңалықтар