Қазақстандық студенттер киберқылмыстарды ашуды үйренеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ақпараттық жүйелер саласындағы қауіпсіздік және маман даярлау М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті қатысқан Еуропа Одағы «Эразмус+» бағдарламасының бір жобасы болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эразмус+ (англ. Erasmus) - Еуроодақ елдері және Исландия, Лихтенштейн, Македония, Норвегия, Түркия университеттері арасындағы студенттер мен оқытушылар алмасатын Еуропалық одақтың коммерциялық емес бағдарламасы. Бағдарлама бойынша өзге елге оқуға, тағылымдамадан өтуге және дәріс оқуға болады.

Халықаралық «Эразмус+» бағдарламасына әлемнің 33 елінен 4 мыңнан астам білім беру мекемелері қатысады. Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары ұсынған 8 жобаның 3-еуі жеңімпаз деп танылды. Жобалар аясында Қазақстанға ат басын бұрған Гренобль университетінің (Франция) профессоры Жан Ноэль Пашу университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Байқау шарты бойынша жоба жеңімпаздарын халықаралық қор қаржыландырып, оны жүзеге асыруда шетелдік тәжірибелі ғалыммен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар