Қазақстандық студент Ванкувер маңындағы тауда қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық құтқарушылар тауға серуенге кетіп оралмаған 27 жастағы қазақстандық Метхат Әбеновтің денесін тапты, деп хабарлайды Globalnews.ca.

Британдық Колумбияның Уистлеріндегі Рейнбоу тауына жорыққа шыққан Метхат жолсеріктерінен қалып қойып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған.

Канадада тұрған жігіттің жерлестерінің айтуынша, Метхат өз бетімен Колумбия университетінің білім грантына ие болған, SNC Lavalin компаниясында жұмыс істеген. Ол ұжымында беделді болған.

Қазір марқұмның денесін елге жеткізуге көмек көрсету мақсатында қаражат жиналып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар