Қазақстандық студент Қытайда 5 литр қан тапсырды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда білім алып жатқан қазақстандық студент 8 жыл бойы 5 литр қан тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай орталық телевизиясының хабарлауынша, 2009 жылы 17 жасында сол елге жоғары білім алуға келген Руслан жылына екі рет қан беруді әдетке айналдырған. Қытайда өткізген 8 жылында ол жалпы 5 литр көлемде қан тапсырып үлгерген, ал қаны теріс резус-факторлы (Rh) қытайлықтардың саны небәрі 1-3% -ды құрайды екен.

Руслан осындай сирек кездесетін қан доноры болғанда кез келген уақытта көмек беретін айтып, әлеуметтік желілерде және қан орталықтарына телефон нөмерін қалдырып отырған.

Айта кетерлігі, ҚХР Мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы 23 наурыз Мәскеу халықаралық қатынастар институтында Русланның ізгі істері туралы айтып берген болатын.

Қазақстандық студент қытайлық басылымдарға берген сұхбатында адамдарға көмектескенде өзін бақытты сезінетінін жеткізген.

Соңғы жаңалықтар