Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиаданың ширек финалында бақ сынайды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 22 ақпан күні қазақстандықтар үш спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойындарының жарыс кестесіне сәйкес, қазақстандық спортшылар бейсенбі күні  тау шаңғы спорты, шорт-трек және биатлоннан жарысқа шығады.

Тау шаңғы спорты

Ерлер:

Слалом

7:15-10:30,

Қатысушы - Игорь Закурдаев

Шорт-трек

Ерлер:

500 метр, ширек финал

16:00

Қатысушылар - Абзал Әжғалиев,  Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев,

5000 метр - Эстафета, финал «Б»

17:50

Қатысушылар - Абзал Әжғалиев,  Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов

Биатлон

Әйелдер

4x6 км, эстафета

17:15 

Қатысушылар - Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Алина Райкова.

Еске сала кетейік, ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-трекші үш жігітіміз ширек финалға шыққандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар