Қазақстандық шорт-трекшілер Еуропаның абсолютті чемпиондары атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті.

Қазақстандық шорт-трекшілер бұл бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды dodasport.kz.

Спортшылар 500, 1000 және 1500 метрлерде үздіктерді анықтады. Кейін жалпы есептегі жеңімпаз белгілі болды.

Қыздар арасында Тайшманова Әсел абсолютті чемпион атанды. Отандасымыз барлық қашықтықта да жеңіске жетті. Одан кейінгі екінші орында тағы бір отандасымыз Бақыткереева Қадиша. Қадиша барлық қашықтықта да Әселден кейін екінші орынды иеленді.

Ұлдар арасында Нұрлыбек Бейсеев жалпы есепте чемпион атанды. Екінші орында тағы бір жерлесіміз Ифченко Глеб.

Осылайша жас шорт-трекшілеріміз Еуропа чемпионатында тамаша жеңіске қол жеткізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар