Қазақстандық шорт-трекші Олимпиаданың жартылай финалына шықты

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандастарымыз төртінші топта жарыс алаңына шығып аталған қашықтықтың мәре сызығын 41.616 уақыт көрсеткішімен төртінші болып кесті. Алайда, жарыс барысында отандасымызбен бірге жүгірген венгриялық спортшы ереже бұзып, Абзалға кедергі жасағаны үшін оған пенальти берді, бұл оған жартылай финалға өтуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, бүгін аталған сында өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Нұрберген Жұмағазиев жарыс барсында құлап, келесі кезеңге өтпей қалды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшы Денис Никиша ширек финалдан сүрінгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар