Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 27 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

2018 жылғы 19 наурыз 09:02 906
Бөлісіңіз:
Қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен мәреге жеткен әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша үздік он спортшының қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында туып-өскен Д.Никиша 1500 метр қашықтықта бесінші орынға ие болса, 500 метрлік бәсекеде жетінші сатыға табан тіреді. 1000 метрлік жарыста ширек финалдан аса алмағанымен, көпсайыс қорытындысында тоғызыншы орынға көтерілді.

«Әлем чемпионатына Қазақстаннан Денис Никиша екеуміз ғана бардық. Ерлерден Нұрберген Жұмағазиев пен қыздардан Ким Йонг А қатысуы керек еді. Канада елшілігі Мәскеуде, виза алу үшін он бір күндей уақыт қажет. Екеуі виза алып үлгермеді. Соған қарамастан, Денистің көпсайыста тоғызыншы орын алуы - жақсы нәтиже. Өткен жылы 21-орынды қанағат тұтқанбыз. Әлем чемпионатына сақадай сай болу үшін кемінде бір апта бұрын келу керек. Канада, АҚШ пен Қазақстан арасындағы уақыт айырмашылығы - 11 сағат. Сондықтан күні бұрын келіп, мұндағы ауа райына бейімделу де үлкен рөл атқарады», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков.

Сондай-ақ, ол алда ерлер мен әйелдер арасында көпсайыстан Қазақстан чемпионаты өтетіндігін де айтты.

«Осымен маусым бітеді. Содан кейін жаңа құрама жасақтап, келесі Олимпиадаға дайындық жұмыстарын бастаймыз», - деп түйді бас бапкер.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат