Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Қазақстандық шаруалардың Ресейден кредит алуға мүмкіндігі бар

Қазақстандық шаруалардың Ресейден кредит алуға мүмкіндігі бар
2017 жылғы 10 қараша 20:44 363

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Челябинскіде қол қойылған келісім аясында Ресей машина жабдықтары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алатын қазақстандық кәсіпорындарға кредит бермек. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше біз Челябинскіде жұмыс сапарымен болдық, онда бірқатар келісімдерге қол қойылғандығы белгілді. Сол келісімдердің бір «Аграрлық несие корпорациясымен» жасалды. Мұнда ауыл шаруашылығына қажетті машина жабдықтары мен техникаларды сатып алуға кредит беру мәселесі қарастырылған.  Атап айтқанда,  ресейлік тарап Агромашхолдинг пен көкшетаулық «Vectora» кәсіпорны аталған мақсатта кредит беретін болады», - деді Айтуғанов өңірде өткен селекторлық кеңес барысында.

«Желтоқсан -қаңтар айларында зауыттарға қаражат аударылады.  Содан соң қазақстандық шаруаларға жабдықтар мен техникалар жеткізіледі», - деді вице-министр .

 

 

Басты сөздер: Қостанай облысы, Ауыл шаруашылығы, Ресей,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер