Қазақстандық шаңғышы Финляндиядағы жарыста екінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Саариселькя қаласында өтіп жатқан лицензиялық шаңғы жарысында Анна Шевченко екінші орын алды, деп хабарлайды МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.  

Ол 10 шақырымды 28:24.0 уақытымен еңсерді. Бірінші орын франциялық Каролина Томас Хагтың еншісінде, ол мәрені 27:35.0 уақытымен кесті , үшінші орында да франциялық спортшы Аврора Жан, оның уақыты 28:27.0.  

Бұл спортшының аталған жарыстағы екінші жоғары көрсеткіші, екі күн бұрын Анна Шевченко 5 шақырымдық қашықтықта үшінші орын алған болатын. Ерлер арасында жоғары нәтижені Денис Волотка көрсетті, 15 шақырымдық қашықтықта ол  7 орынға табан тіреді.

Естеріңізге салайық, 14-20 қараша аралығында Финляндияның Саариселькя қаласындашаңғы жарысы бойыншалицензиялық кезеңдер өтті. Олимпиада ойындарының лицензияларына ие болған спортшылар тізімі келесі жылдың 20 қаңтарында белгілі болады.  Оған дейін спортшылар Әлем кубогы кезеңдері мен лицензиялық жарыстарға қатысады.  

Соңғы жаңалықтар