Қазақстандық сериалдарға үш мемлекет қызығушылық танытып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда түсірілген сериалдарды көрсету құқығына Ресей, Қытай, Қырғызстан мен басқа мемлекеттер қызығушылық танытты. 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтыр өткен «Astana Media week» халықаралық медиа-аптасына республикалық және аймақтық 25 арна мен жүзге жуық продакшн-компаниялар қатысқан.

«Бұл шара өз нәтижесін берді. Телебағдарламалар, реалити-шоу, мультфильм, көркем және деректі фильмдерді тамашалап, оларды демеу мақсатындағы тиімді келісімдерге қол жеткізілді. Телевизиялық өнім туралы айтар болсақ, мемлекеттік тапсырыс аясында өткен жылы 40 сериал түсірілді. Олардың он екісін коммерциялық арналар жүзеге асырды. Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға негіз бар», - деді министр.
null 

Дәурен Абаев 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы түсірілген сериалдардың толық хронометражы екі жарым мың сағатқа артық болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар