Қазақстандық сенаторлар Ыстанбұлда Азия парламенттік ассамблеясының отырысына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан депутаттары Ыстанбұлда Азия парламенттік ассамблеясының 10-отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстан делегациясының құрамында, атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Дархан Қалетаев, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Манап Көбенов бар.

Ассамблея отырысы ағымдағы жылдың 21-24 қараша күндері Ыстанбұлда өтеді. Бұл жолғы отырыс «Азиядағы бейбітшілік және даму» ұранымен өткізілуде.

Айта кетелік, Азия парламенттік ассамблеясының 9-отырысы 2016 жылғы қарашада Камбоджада өткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар