Қазақстандық сенаторлар Ресейдегі президент сайлауын бақылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары 2018 жылғы 18 наурызға белгіленген Ресей Федерациясындағы президенттік сайлауда бақылаушы ретінде қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушы комиссиясы құрамына сенаторлар Ғұмар Дүйсенбаев, Еділ Мамытбеков, Нариман Төреғалиев кірді.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан депутат Михаил Бортник қатысады.

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының электоралдық процесті мониторингілеу жөніндегі миссиясында сенаторлар Рашит Әкімов, Сәуле Айтбаева, Владимир Волков, Дулат Қосдәулетов, Төлеубек Мұқашевтер бар.

Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің шақыруымен сайлауға бақылаушы ретінде Қазақстан Парламенті жоғары палатасының депутаттары - Мұхтар Жұмағазиев, Бақытжан Жұмағұлов, Сергей Плотников, Бақтыбай Шелпеков қатысады.

Сенаторлар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Қорғандағы сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар