Қазақстандық самбошы А.Аслаханов жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық самбошы Бейімбет Қанжанов Мәскеу қаласында мәреге жеткен Асламбек Аслахановтың жүлдесі үшін өткен ХV халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Бейімбет 52 кг салмақта топ жарды.

Аталмыш жарыстан кейін белгілі саясаткер, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, генерал, алдағы жылы 75 жасқа толатын А.Аслаханов турнирдің 15 жыл бойы жоғары деңгейде өтіп келгендігін, енді өзінің қызметін ардагерлер арасындағы самбо күресінің дамуына арнайтындығын мәлімдеген.

Айта кетейік, Бейімбет Қанжанов - ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы, самбодан өткен жылғы әлем чемпионы, 2014 жылы «Харлампиев мемориалы» халықаралық турнирінде де топ жарды. 

Соңғы жаңалықтар