«Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы отандық 70 компанияның басын қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тау-кен металлургиялық саладағы 70-тен аса отандық жеткізуші компанияның басын қосып отырған «Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы  басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «KazakhmysHolding» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «KazZinc» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның қолдауымен өткізілуде. Іс-шара ұйымдастырушыларының атап өтуінше, форумды шараны ТКМК компанияларының қатысуымен өткізу отандық тауар өндірушілерімен ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, форум энергия тиімділігін ұлғайту және жеткізілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге арналған жаңа шешімдермен және жобалармен таныстыруға жол ашады.
null 

«Тау-кен металлургиялық кешен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Осы өнеркәсіп саласында 100-ге тарта ірі және орта кәсіпорын қызметін жүргізуде. Аталған кәсіпорындар көлік жасау, химиялық және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру сынды басқа салалардағы әлеуетті жеткізушілерді едәуір тапсырыс көлемімен қамтамасыз етеді. Мәселен, тау-кен кешеніндегі жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе түзуші кәсіпорындар отандық өндірушілерден 995,7 млрд теңгеге тең жалпы сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған. Бұл жалпы сатып алудың 43,5%-ын құрайды. Басқаша айтқанда, отандық өндірушілер үшін ішкі нарықта үлкен әлеует және өндіріс көлемін ұлғайту үшін кең мүмкіндіктер бар», - дейді ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев.
null 

Жиын соңында форум ұйымдастырушылары - «Kazakhmys Holding» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «KazZinc» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазақалтын» ТКМК» АҚ топ-менеджменті жергілікті мазмұнды дамыту аясында өзара ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қоймақ. Меморандум тараптардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұнды дамыту аясындағы ынтымақтастығын кеңейтіп, қатынасын нығайтуды көздейді.
null null null 

Соңғы жаңалықтар