Қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жоспар таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы А. Мырзахметов 2017 жылы сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

Бұдан өзге, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Жоспардың жобасы таныстырылды. Кеңеске қатысушылар машина жасау және металл өңдеу, азық-түлік өндірісінде және т. б. салаларда импортты алмастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар