Қазақстандық омбудсмен Қарағанды мемлекеттік университетінде 2011 жылғы қызметі туралы есепті жұртшылық талқысына ұсынды

None
None
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Президенттің Жарғысымен бекітілген  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес әзірленген Уәкілдің 2011 жылғы қызметі туралы есептің тұсаукесері өтті,

деп хабарлады Қазақстандық омбудсменнің баспасөз қызметі.

Шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, халықаралық және ұлттық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мен профессорлар-оқытушылар құрамы қатысты.

Есебін қоғамға ашық ұсыну қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекеменің дәстүріне айналып, Уәкілдің қызметі, адам құқықтары мен оларды қорғау әдістері туралы білімді тарату, осы аяда Қазақстан алдында қойылған мәселелерге көңіл аудару  мақсаттарында жасалады. Дәстүрге сай бұл есеп 2011 жылғы жұмыс пен оның түрлері мен әдістері және де шағымдарды қарау, мониторинг жүргізу, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық негіздерінде талданған адам құқықтарына байланысты елдегі ахуал туралы ақпаратты қамтиды.

Тұсаукесер барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров есепті ұсынып, тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен қазақстандық омбудсмен институтының 10 жылдығына орай адам құқықтары саласындағы ең маңызды оқиғаларға назар аударды.

Бұл тұрғыда Омбудсмен мекеменің аз уақыт ішінде атқарған жұмысы  мемлекеттілік пен демократияның дамуының маңызды факторы болды деп атап  көрсетті.

Тұсаукесер барысында адам құқықтары жөніндегі тақырыптың бүкіл ауқымы бойынша мүдделі пікір алысу өтті.

 

Соңғы жаңалықтар