Қазақстандық оқушылар үшін мыңға тарта тегін IT-сыныптар ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы оқушылар үшін web-сайттар мен бағдарламаларды құру бойынша тың жобаны бастағалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы үш жылда «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік және жергілікті органдармен, Үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес-құрылымдармен бірлесіп, бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек оқыту үшін бүкіл ел бойынша тегін ІТ-сыныптарды ашуды жоспарлап отыр. Бұл 8-16 жас аралығындағы 450 мыңға жуық баланы оқытуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатынада партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Осылайша, Қазақстанның оқушылары еуропалық білім стандарттары бойынша web-сайттар мен бағдарламаларды құруды, қарапайым алгортимдерді дайындауды үйренбек.

IT-сыныптар IT-стартаптардың халықаралық технопаркі - Astana Hub-пен интеграциялана отырып жұмыс жүргізетін болады. Ең бірінші кезекте, жоба шағын комплектілі және ауылдық елді мекендердегі балалар үшін жетекші цифрлық дағдылардың қол жетімділігі мәселесін шешуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар