Қазақстандық оқушы «сөйлейтін» қолғап ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрдәулет Таумергенов «GloveSpeaker» мылқауларға арналған қолғап жасап шығарды. Ол өз жұмысын «Астана болашақтың қаласы: Архитектуралық елорда. 20 жыл» Наурыз кездесуінде ұсынды, деп хабарлайды Елорда инфо.

Қуат көзіне қосылған қолғап Bluetooth-бен телефонға байланыстырылған. Баттон атты батырманы басқан кезде мәтін сол сәтте телефонның экранына шығады, кейін әйел дауысымен сөйлейтін бағдарлама сол сөздерді ауызша айтады.

«Біз мылқау адамдарға көмектескіміз келді. Біз серіктесім екеуміз басқа платформаларды қарадық, алайда осы қолғапқа тоқтауды жөн көрдік. Себебі, ол үнемі қолда жүреді және ыңғайлы. Бұл қолғапты су өткізбейтіндей, қыста жылы немесе көктем мен жазда ыңғайлы етіп жасауға болады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол бұған қосымша ұялы телефонға арналған арнайы қолданба жасап шыққан.

«Оның прототипі 30 доллар тұрады. Біз интернет-сайт арқылы Arduino процессорын сатып алдық. Телефон бәрімізде бар ғой. Тіпті, Bluetooth-ы бар ең қарапайым телефон арқылы да дыбысты тыңдауға болады», - деп атап өтті мектеп оқушысы. 

Соңғы жаңалықтар