Қазақстандық офицер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабында жоғары лауазымға тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатысушы Қазақстан Қарулы күштерінің офицері подполковник Данияр Исмаилов күштер қолбасшысының өкімімен штабтың оқу бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа лауазымда Данияр Исмаилов оқыту стандарттарына, олардың тапсырмаларды тиімді орындауы үшін барлық әскери қадағалаушылардың дайындығы мен әзірлігіне жауап береді. Оның міндеттеріне штабтағы барлық әскери оқу іс-шараларын үйлестіру, мамандарды дайындауды ұйымдастыру, негізгі, сондай-ақ, қажетті кешенді жаттығулардың басымдықтарын бағалау және анықтау кіреді. Одан басқа, қазақстандық офицер БҰҰ-ның миссиясына қатысу үшін келген әскери және азаматтық персоналдан ағылшын тілінен емтихан қабылдайды және жетекшілік етеді. Өткізілетін оқу іс-шаралардың мониторингісі мен бағалауды жүргізеді.
nullnull 

Подполковник Данияр Исмаилов БҰҰ-ның миссиясында 2016 жылдың 11 қарашасынан бастап жүр. Бұдан бұрын ол жаңадан келген әскери қадағалаушыларды оқыту және дайындаумен, тренингтерді ұйымдастырумен айналысқан. Жаңа лауазымға  миссияда өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі және кәсіби тұрғыда орындағаны, Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысудағы тәжірибесі мен кәсібилігі үшін тағайындалды. 
nullnull 

Қазіргі уақытта Батыс Сахарадағы  (MINURSO)  БҰҰ-ның миссиясында әскери қадағалаушылар ретінде Қазақстан Қарулы күштерінің төрт офицері қатысып жатқанын айта кеткен жөн. Миссия қолбасшылығының айтуы бойынша олардың барлығы, сондай-ақ, БҰҰ-ның миссиясына қатысуды аяқтағандар өздерін өз істерінің шеберлері мен үлгілі әскери қызметшілер ретінде көрсетті.

null 

 

Соңғы жаңалықтар