Қазақстандық Михаил Кукушкин Ирвингтегі «Челленджерде» ширек финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Американың Ирвинг қаласындағы «Челленджер» турнирінің келесі раундына өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

ATP рейтингінде 89-орында тұрған Кукушкин  1/8 финалда жергілікті спортшы Джаред Дональдсонды (48) басымдықпен жеңді - 6:3, 6:3.

Михаил ширек финалда АҚШ-тың намысын қорғайтын әлемнің 112-ракеткасы Бьорн Фратанджеломен күш сынайды.

Еске салайық, бұдан бұрын қазақстандық 6:7, 6:4, 7:5 есебімен тағы бір америкалық Остин Крайчекті жеңген болатын. 

Фото: prosport.kz

Соңғы жаңалықтар