Қазақстандық Mgov халықаралық The World Government Summit сыйлығымен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Дубайда өтіп жатқан The World Government Summit халықаралық үкіметтік саммитінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бастаған қазақстандық делегация «Egov mgov» мобильді қосымшасын енгізгені үшін халықаралық «First World Govtechineers Race-2017» сыйлығымен марапатталды. Министр Дәурен Абаевқа аталған награданы Дубай әмірі, БАӘ Премьер-министрі әрі вице-президенті шейх Мохаммед ибн Рашид Әл Мактум табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Egov.kz мобильді қосымшасы 2014 жылдың соңына таман іске қосылған болатын. Саммитті ұймдастырушылар осы қысқа мерзім ішінде қазақстандық қосымша өзінің тиімділігін танытып, баршаны мойындата алғанын атап өтті.  «Бұл біздің қызметіміздің, осы қосымшаны іске қосуға атсалысқан, жобаға беріле еңбектенген білікті мамандардың жұмысына берілген лайықты баға. Бұнымен қоса аталған сыйлық осы саланы одан әрі дамытуға қосымша серпін береді деп ойлаймын» , - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
null
Айта кетерлігі, Egov.kz мобильді қосымшасы үш платформаға (Android, iOS, Windows Phone) қосылған. Бүгінгі күні осы платформалар арқылы ұсынылатын 86 қызметті жүзеге асыруға болады. Қосымшаны іске қосудағы басты мақсат ұялы байланыс арқылы халыққа қызмет көрсету үшін мобильді үкімет платформасын құру болып табылады.
Айта кетерлігі, смартфонды пайдаланатын кез-келген азамат үшін аталған қосымша қолжетімді. Оны Google Play және App store, Microsoft Store онлайн-дүкендерінен көшіріп алуға болады. 2016 жылдың соңына таман  «mgov» қызметін пайдалану үшін тіркелгендер саны 1 636 937-ге жеткен.

Соңғы жаңалықтар