Қазақстандық мемқызметшілердің дөрекілігі басым

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің әдепсіздік танытуында дөрекілік басым. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әріптестер арасындағы дөрекілік әдепті бұзуда бірінші орында тұр. Мәселен, 670-тен астам әдеп бұзудың ішінде дөрекілік пен әдепсіз қылық 105 рет орын алған», - деді ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған семинар барысында.

Дегенмен, оның айтуынша, 2015 жылы Әдеп жөніндегі кеңес отырысына шығарылған істердің 75 пайызы тәртіптік мәселеге қатысты болса, ал 2017 жылы олардың саны 50 пайызға жуық қысқарған.

«Кеңестердің құрамы да  айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Ендігі кезекте кеңес мүшелерінің үштен екісін Өңірлік БАҚ-тардың бас редакторлары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық өкілдері және мәслихат депутаттары құрайды. Бұған қоса, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері дербес жұмыс істей бастады. Олар алдын алу шараларына белсене қатысып, азаматтарды қабылдайды. Айта кетерлігі, олардың Әдеп жөніндегі кеңес жұмысына қатысты ақпараттары кеңейіп, мемлекеттік қызметшілерге қатысты сенімдері арта түскендігін айтқан жөн. Оған «Білім» ғылыми-зерттеу орталығының мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін анықтауға бағытталған әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесі дәлел бола алады», - деді Равиль Төлебаев.

Оның дерегінше, аталған зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 73 пайызы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдеріне сенетіндіктерін білдірген. Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 90 пайыздан асып жығылады. Ал елордада аталған кеңеске сенім артатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 65 пайызға жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар