Қазақстандық масс-медиа қызметкерлері түрік телеарнасының жұмысымен танысты

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - TRT телеарнасында масс-медиа мен IT қызметкерлері үшін халықаралық оқу семинары өтті. Түркия халықаралық ынтымақтастық пен даму агенттігінің шақыртуымен (ТЫДА) Анкараға тәжірибе алмасу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина, Моңғолия мен Ирактан мамандар келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



«ТЫДА семинары көп нәрсеге үйретті. Ең алдымен, біз неге қабілеттіміз, ал TRT-ның хабар тарату артықшылықтары қандай, соны салыстырдым. Кей тұста біздің графистер озып жатыр, сондай-ақ әріптестеріміздің тәжірибесімен алмастық. TRT-ның техникалық жабдықталуы мені таңқалдырды, автоматизациялау жақсы жолға қойылған», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ техникалық директорының орынбасары Нұржан Мұстафин.









Айта кетейік, 24-29 шілде күндері өткен семинарды ТЫДА ұйымдастырды. 

Соңғы жаңалықтар