Қазақстандық квартет «Во весь голос» халықаралық байқауында топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- «Во весь голос» халықаралық байқауының екінші күнінде қазақстандық квартеттің орындауындағы «Құсни Қорлан» әні бірінші орынды алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 қарашада «Мир» телеарнасының «Во весь голос» халықаралық музыкалық жобасының екінші күні өтті.  Бұл жолы қатысушылар заманауи өңдеуден өткен ұлттық әндерін орындады», - делінген арнаның сайтында.

Командалар апта бойы өткен концерттер арасында сынға түседі.  Оларға жүлделі орындарды халықтық дауыс беруден тәуелсіз, қазылар алқасы тағайындайды.

Айта кетейік, байқауға Әзербайжан, Молдова, Грузия, Армения, Тәжікстан, Ресей, Беларусия және Қазақстаннан келген командалар қатысуда.

Дружные участники из команды Казахстана🇰🇿 мечтают прославиться на весь мир! Солисты Садраддин Болат и Аружан Сагынгалиева, а также квартет «Жулдыздар» в составе Данияра Буканова, Екатерины Ганюшкиной, Карины Шайгузовой и Нурболата Наурзбека репетируют выступления днями и ночами и смело идут к победе!🙌 #командаказахстана #мадинасадвакасова #vovesgolos #mirtv #mir24

Публикация от Во Весь Голос (@vovesgolos2017) Ноя 10 2017 в 4:01 PST

Аталған байқауға біздің ел атынан ақтаулық «Жұлдыздар» квартеті қатысуда. Оның құрамында Данияр Буканов, Екатерина Ганюшкина, Карина Шайгузова мен Нұрболат Наурызбек өнер көрсетеді. Олардың тәлімгері қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова. 

Соңғы жаңалықтар