Қазақстандық компаниялар Арктикада ірі мұнай жобаларына қатысуда
Оның сөзінше, мұнай-газ құрылысының нарығы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларының жалпы құны жылына млрд доллар болатын жұмысымен бағаланады.
«Мұнай-газ құрылысы мен инжиниринг саласында 70 мың адам жұмыс атқарып келеді. Жеңіл және орта күрделі жұмыстарда негізінен қазақстандық компаниялар басым. Қазақстандық компаниялар мұнай-газ құрылысында жылына 120-150 млн долларды құрайтын жұмысты атқара алады. Технологиялық күрделілігі ауқым құрылыс жұмыстарына негізінен шетелдік мердігерлер қатыстырылады, алайда бірлескен кәсіпорындардың ашылуы бағытына қарай тренд қалыптасып келеді. Қазақстандық компаниялар үшін Ресейдегі мұнай-химиялық жобаларды игеруге мүмкіншіліктер туындауда. Бүгінгі таңда 1 500 қазақстандық азамат Ямалдағы (Арктика) жұмысқа тартылған», - деп атап өтті ол.
А. Құдайбергеннің айтуынша, Ямалдағы жоба Солтүстік Мұзды мұxитының жағасында жүзеге асырылуда және оған 2 мыңға тарта адам тартылған, оның ішінде 1500 адам - қазақстандықтар.
«Біздің компаниялардың бірі ол жобада қосалқы мердігер ретінде еніп отыр және электрмонтаж жұмыстарымен айналысып жатыр», - деді ол.
Баспасөз мәслиxатында мәлім етілгеніндей, Ямалдағы жұмыстар қызған шақта 35 мыңнан астам жұмысқа тартылады. Сол кезде қазақстандық компаниялар аталмыш жобадағы өз үлесін де арттыруда көздеуде.