Қазақстандық қоғамдағы жаңғыртудың басты қозғаушысы - Ұлы даланың руханияты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» деген тақырыппен халықаралық ғылыми конференция өтуде, деп  хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформаларды жүзеге асыруда еліміз біраз қиындықтарды бастан кешірді. Соған қарамастан елдегі бірлік пен келісімнің, ұлтаралық татулықтың сақталуы аз уақыттың ішінде ел экономикасы мен демократиялық әлеуметтік процестің серпінді дамуына үлкен ықпал етті. Біздің ойымызша, қазақстандық қоғамдағы  жаңғыртудың басты қозғаушысы қоғамдағы  келісім, жағымды бәтуа, Ұлы даланың руханияты болып табылады», - деді жиынның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы бас директорының орынбасары  Әмірхан Рахымжанов.

Сонымен қатар ол Елбасының көрегендігі мен стратегиялық көзқарасының дұрыстығын Қазақстанның даму тарихы растап бергендігін баса айтты.

«Қазақстандықтар мен әлемдік қоғамдастықтың санасындағы Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мақсаттылығымен және сындарлы саясатымен халықтың бірлігін, мемлекеттік аумағының тұтастығын, Конституцияның мызғымастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігін қамтамасыз  ететін Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып саналады. Оны Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында анық көрсетеді», - деді  Ә.Рахымжанов.

Конференция барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында әзірленген «Ұлы даланың қорғаушылары» кітабы мен оның электронды нұқсасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуевтің «Қазақ-орыс қатынастары контексіндегі Сібір хандығы», «Шоқан Уәлиханов» кітаптарының таныстырылымы өтті. Мұнан бөлек «Халық тарих толқынында» салалық бағдарламасы жүзеге асыру аясында еліміздің ғалымдары әзірлеген 5 монгорафия да алғаш рет оқырман назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар