Қазақстандық клубтардың еурокубок турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында Чемпионадар Лигасы мен Еуропа Лигасының 2017/2018 маусымының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Қазақ футбол федерациясының сайты .

Қазақстанның үш дүркін чемпионы, елордалық «Астана» командасы Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде латвиялық  «Спартак» (Юрмала) ұжымымен кездеседі.

Бірінші матч 11 немесе 12 шілде күні Астанада өтеді. Ал, қарымта ойын 18-19 шілде күні Юрмалада болады.

Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» командасына босниялық «Широки Бриег» қарсылас атанды.  Бірінші ойын Шымкент қаласында 29 маусым күні, ал қарымта кездесу Широки Бриег қаласында 6 шілде күні өтеді.

Еуропа Лигасының дәл осы кезеңінде алматылық «Қайрат» футболшылары литвалық «Атлантас» командасымен жолығады. Алматы 29 маусым күні алғашқы ойынды қабылдаса, келесі ойын 6 шілде күні Клайпеда қаласында жоспарланған.

Павлодарлық «Ертіс» командасы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында болгариялық «Дунав» командасымен тартысқа түспек. Бірінші ойын Павлодарда 29 маусым күні өтеді. Екінші ойын 6 шілде күні Русе қаласында болады. 

Соңғы жаңалықтар