Қазақстандық клубтардың экс-футболшысы матч кезінде көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық клубтардың экс-футболшысы матч кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Sports.kz.

Орынбор футбол клубының бұрынғы ойыншысы Игорь Чумейко 64 жасында көз жұмды. Ол кезінде қазақстандық «Қарашаған» және «Ферро» (екі клубта қазір жұмыс істемейді) ойнаған болатын.

16 қараша күні Игорь Чумейко әуесқой матчта өзін нашар сезініп, кенеттен көз жұмған. Футболшы кәсіби деңгейде 300 матч өткізген.

Соңғы жаңалықтар