Қазақстандық кикбоксшы қытайлық қарсыласын 2 минутта нокаутқа түсірді

None
None
  АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық аралас жекпе-жектен спорт шебері Мерген Қиялов Қытай астанасы Бейжіңде өткен Kunlun Fight 72 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жэньминь Жибао-ға сілтеме жасап.

75 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген отандасымыз, Қытайдағы танымал спортшы Жаң Янгке қарсы жұдырықтасып, қарсыласын 2 минут 15 секундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Kunlun Fight Қытайдағы ең танымал аралас жекпе-жек турнирі болып, әр жылы 30 турнир өткізіледі. Бұған дейін қазақстандық танымал спортшы Бейбіт Назаров та осы турнирдің чемпионы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар