Қазақстандық кәсіпқой боксшының жаңа қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының қарсыласы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығын да мерзімінен бұрын аяқтаған Айдос Ербосынұлы бесінші айқасында 23 наурыз күні Нью-Йоркта жергілікті боксшы Майкл Митчеллмен  (4-7-2) жұдырықтаспақ болған еді.

Алайда, жекпе-жек жақындаған уақытта қарсыласы белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартты.

Енді ол тағы бір америкалық боксшы Риаруса Дадлимен (5-1-1, 2 КО) айқаспақ.

Біздің отандасымыз Айдос Ербосынұлы төрт кездесудің екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті өз елімізде өткізген болатын. Ал 23 наурыздағы айқасы АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Соңғы жаңалықтар